BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

Елiмiзде жолаушылар айналымы мен жүк тасымалы артқан

Фото: интернеттен

Бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары бойынша баяндама жасады. Министр осы аралықта елiмiзде жолаушылар айналымы мен жүк тасымалы артқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Жеңiс Қасымбек көлiк кешенi мәселесiне тоқталды. Оның айтуынша, 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында көлiк кешенi бойынша нақты көлем индексі 104,6%-ды құрады.

«Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 5,1%-ға өсіп, 1,1 млрд тоннаны құрады (2017 жылдың қаңтар-наурызында - 812,7 млн тонна). Жүк айналымы 9,6%-ға өсіп, 183 млрд ткм болды. Теміржол көлігімен жүк тасымалдауда айтарлықтай өсім бар. Ол 126,9 млн тоннаны құрап, 10,4%-ға өсті. 2018 жылдың 4 айы бойынша Қазақстан арқылы теміржол көлігімен транзиттік жүктің жалпы көлемі 5,4 млн тоннаға жетті және былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға өсті. 2018 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша контейнерлік тасымалдау 37%-ға өсіп, 125,2 мың жиырма футтық эквивалентті құрады, оның ішінде ҚХР-ЕК-ҚХР бағыты бойынша - 35% және 61,7 мың ДФЭ», - дедi Қасымбек.

Министрдiң айтуынша, жолаушылар айналымы 4,8%-ға өсіп, 87,7 млрд жолаушы/км құрады. Көлік қызметінің кірісі 15,9%-ға өсіп, 847,9 млрд теңгеге (2017 жылғы қаңтар-сәуірде - 731,7 млрд теңге) жетті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер