BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қасымов: Заңсыз көшi-қон еңбек мигранттары арасында жиi тiркеледi

Бүгiн Үкiмет сағатында ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов республикадағы көшi-қон бақылауын қамтамасыз ету жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Елiмiзде заңсыз көшi-қон негiзiнен еңбек мигранттарының арасында байқалады. (...) Көшi-қон заңнамасын бұзғандарға бiзде қатаң әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылық белгiленген. Бұл жауаптылыққа заңсыз келушiлер де, жұмыс берушiлер де, заңсыз көшi-қонды ұйымдастырушылар да жатады. Елге заңсыз кiру қазiр қылмыстық терiс қылықтар санатына жатады. Бұрын бұл тек әкiмшiлiк құқықбұзушылық болып саналды. Қазiргi уақытта елге заңсыз кiрген адамға 1 мың айлық есептiк көрсеткiшке (АЕК) дейiн айыппұл салынады немесе 1 жылға дейiн бас бостандығынан айырылып, елден шығарылады», - дедi Қасымов.

Министрдiң айтуынша, 2015 жылдан берi көшi-қон заңын бұзған адамдарға бiрден «елден шығару» әкiмшiлiк жазасы қолданыла бастады. Елден шығарылған барлық шетелдiк Қазақстанға 5 жыл өткеннен кейiн ғана қайта келе алады.

«Жыл сайын 100 мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылады. Олардың 10 мыңнан астамы елден шығарылады. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 2 мыңнан астам жұмыс берушіге айыппұл салынды. Өткен жылы бюджетке 115 млн теңге қаржы түсті. Қылмыстық кодексте заңсыз көші-қонды ұйымдастырған адамға 5 мың АЕК көлемінде айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Өткен жылы осындай фактілер бойынша 89 қылмыстық іс қозғалған», - деді Қалмұханбет Қасымов.

Атап өтсек, бүгiн ведомство басшысы шетелдiк жұмысшылардың елiмiзге келу тәртiбiн түсiндiрген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер