BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Елiмiзде Қытай мен Түркиядан келген мигранттар саны көбейген — IIМ

Елiмiзде Қытай мен Түркиядан келген мигранттар саны көбейген. Бұл туралы Үкiмет сағатында ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Министр республикадағы көшi-қон бақылауын қамтамасыз ету жағдайы туралы баяндады.

«Соңғы үш жылда ресми статистика бойынша бiздiң елiмiзге 5,6 миллион шетелдiк азамат келдi. Олардың 90 пайыздан астамы - Тәуелсiз мемлекеттер достастығының азаматтары. Негiзiнен, олар Өзбекстан, Ресей және Қырғызстаннан келген. Сондай-ақ, алыс шетелден келген мигранттар қатары көбейген. Осы уақытта олардың саны 620 мың адамға дейiн жеттi. Олардың көбi - Қытай және Түркия азаматтары. Осы бағыттағы бiздiң басты мiндетiмiз - заңсыз көшi-қонмен күресу. Себебi, бұл елiмiздегi қоғамдық тәртiп үшiн қауiптi фактор. Өйткенi, миграцияның есiрткi бизнесi, адам саудасы, экстремизм және терроризммен байланысты болған кездерi аз емес», - дедi Қасымов.

Министрдiң айтуынша, бұл салада бақылау мен реттеу тиiмдi ұйымдастырылмаса, елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына зиян келуi мүмкiн.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер