Елімізде 607 мың азаматтың әлеуметтік мәртебесі анықталды - Үкімет|17 Сәуір 2018, 11:29
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Елімізде 607 мың азаматтың әлеуметтік мәртебесі анықталды

Бүгінгі Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова бейресми жұмыспен қамтылған адамдарды ресмилендіру және ел экономикасына тарту жөніндегі Жол картасының іске асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жыл басынан бері мемлекеттік органдардың дерекқорындағы 2,7 млн азаматтың мәртебесі анықталмаған. Бүгінгі таңда 607 мың адамның мәртебесі нақтыланды. Оның ішінде 197 қызметкер еңбек шартын жасап, міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастады. 12 мың кәсіпкер қызметтерін тіркесе, 16 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысты», - деді министр.

Ол барлық өңірде азаматтардың мәртебесін анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын, 2018 жылдың 1-тоқсанында ресмилендіру жөніндегі өңірлік штаттар құрылып, Жол карталары бекітілгенін атап өтті.

«Аталған жұмыс бойынша Ақмола, Жамбыл облысы мен СҚО алда келеді. Олардың әрқайсысында мәртебесі анықталғандар саны 27%-тен асады. Сондай-ақ, ОҚО-да 101 мың, Алматы облысында 86 мың азаматтың мәртебесі анықталды. Ел бойынша мәртебесі жоқ азаматтардың 51%-і келесі төрт өңірде байқалады: ОҚО 20%, Алматы облысы 16%, Алматы қаласы 8%, ШҚО 7%. Қалған азаматтардың арасында еңбек шартынсыз жұмыс істейтіндердің үлесі жоғары», - деді Әбілқасымова.

Ол жергілікті әкімдіктер еңбек шартын жасау атты акция шеңберінде жүйелі жұмыс істеуі қажет екенін айтты. Оның сөзінше азаматтардың мәртебесін автоматты түрде нақтылау үшін бүгінгі күні мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің көпшілігі интеграцияланғанымен, тек Қаржы министрлігінің кәсіпкерлер базасы мен Білім және ғылым министрлігінің студенттер базасы біріктірілмеген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер