BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Елдегі өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 21,5% өсті

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы бүгін осы жылдың 5 айының қорытындысына арналған Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, 2018 жылдың 5 айында инвестиция тарту саласы жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялар осы жылдың басынан бері жағымды тренд көрсетуді жалғастыруда. Олар 25,3% (жиырма бес те үш процентке) ұлғайды. Бұл Шымкент мұнайды қайта өңдеу зауытын жаңғыртумен және Теңіз кен орнында болашақтағы кеңею жобасын іске асырумен байланысты. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестицияның 21,5% ұлғайғанын айта кеткен жөн», - деді министр.

Айта кетсек, бүгін Үкімет үйінде 2018 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы, елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, шағын және орта бизнесті цифрландыру мәселелері қаралады

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшылығы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер