BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Елбасы халықтың ақшасын тонап отырған банктердi жазалауды тапсырды

Фото: Кенжетай Ақсейітов

Бүгiн Астанада Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкiметтің кеңейтілген отырысы өтiп жатыр. Жиында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев баяндама жасады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Данияр Ақышев екiншi деңгейлi банктердегi проблемалар жайлы баяндады. «Delta Bank» және РБК банктеріндегi былықтар туралы айтып бердi.

«Бiз бұл iстi қашан аяқтаймыз? Әбләзовтың басшылығымен БТА банктiң мемлекет пен халықтың ақшасын тонағаны әлi көз алдымызда. Қазiр бiз бүкiл әлем бойынша бұның мемлекет ақшасын тонау екенiн дәлелдедiк. Ал қазiр қалай? Банк құрылған. Оған адамдар мен ұлттық компаниялар сенiп барды. Акционерлер ол жерден ақша тартып отыр. Ал Ұлттық банк жай ғана бақылап отыр. Бұны қалай түсiнуге болады?» - дедi Мемлекет басшысы.

Елбасы қадағалаушы орган қайда қарап отырғанын сұрап, банктерге қатысты қатаң жазалау шараларын қолға алуды тапсырды. Атап айтқанда, банктердi аямай, банкроттықтан құтқармай, керiсiнше ұшырату керек дедi.

«Акционерлер банк құрып, халықты ашық тонап отыр. Мен Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулинге сәйкес заң жасауды тапсырғам. Заң банктердiң ақша қозғалысын қадағалауға мүмкiндiк бередi. Заң жобасын жылдам қараңыздар», - деп тапсырды Назарбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер