BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Экономиканы кредиттеу төмен деңгейде қалып отыр – ҰЭМ

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы бүгін осы жылдың 5 айының қорытындысына арналған Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, еліміз бойынша бизнеске берілген кредиттер көлемі 5,4% төмендеді.

«Экономиканы кредиттеу 1% аз өсті және 12,7 трлн. теңгені құрады. Мардымсыз өсу тұтынушылық кредиттерге байланысты 14,0%-ға өсу – 4,7 трлн. теңгеге дейін жетті. Алайда, бизнеске берілген кредиттер көлемі 5,4% төмендеді (8 трлн. тг)», - деді ол.

Қазақстанда өнеркәсіптен басқа экономиканың барлық саласында кредиттердің төмендегені белгілі болды.

«Кредиттердің төмендеуі өнеркәсіптен (6,6%-ке өсу) басқа экономиканың барлық базалық саласында байқалып отыр. Көлік саласына 1,6%, құрылысқа – 8,6%, ауыл шаруашылығына 15,2%, саудаға 21,8%, байланысқа 26,5% төмендеді», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордың активтері 59,2 млрд долларға жетті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер