BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Денсаулық министрлігі тегін дәрімен қамтамасыз етілмеген фактілерді анықтауға шақырады

Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеген фактілерді анықтауға шақырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККБК) шеңберінде алынбаған дәрі-дәрмектер бойынша халықтың көптеп шағымдануынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі елдің барлық өңірінде халықты дәрілік қамтамасыз етуге талдау мен мониторинг жасауды бастады.

Соған байланысты, диспансерлік есепте тұрған, бірақ бекітілген Тізбеге (№ 786 бұйрық) сәйкес 2017 жылғы қазан мен желтоқсан аралығындағы кезеңде тегін дәрілерді алмаған барлық азаматты ТАӘ, ЖСН, байланыс телефондарын, емханалардың нөмірлерін және қаланы көрсете отырып, kf_mz@mail.ru электрондық поштасына өтініштерін жіберулерін сұраймыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер