BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Бозымбаев: Шкарупаны қызметінен босату мәселесін қарастырамыз

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінде ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның 215 млн теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын жымқыру дерегіне қатысы бар екенін мәлімдеген. Бүгін Үкімет отырысынан соң ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев аталған мәселеге қатысты түсініктеме берді.

Қанат Бозымбаев журналистерге Шкарупаның қомақты бюджет қаражатын жымқыруға қатысы бар екенін тек Қауіпсіздік кеңесінде ғана білгенін айтты.

«Анатолий Шкарупа (энергетика вице-министрі ретінде – автор) бізге қазанның ортасында келді. Қауіпсіздік кеңесінде ҚР Бас прокуратурасы мәліметіне сәйкес, бірдеңені бүлдіргенін білдім. Осы отырыста оны Қарағанды облысының прокуратурасына шақырыпты. Менің білуімше, ол куәгер ретінде барған. Қазіргі таңда оның статусы куәгер», - деді министр.

Осы орайда ведомство басшысы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның қызметінен босату мәселесі қаралып жатқанын жеткізді.

«Қазіргі таңда біз оның қызметіне байланысты мәселені қарастырып жатырмыз. Яғни вице-министрдің қызметін тоқтата тұру немесе өз еркімен қызметінен кету мәселесіне қатысты. Ол - білікті кадр. Ол тариф бағана қатысты мәселені реттеуге көмектесіп, оны төмендетуге ат салыса алар еді. Бірақ 2015 жылы болған оқиғаға қатысты түсініктеме бере алмаймын. Себебі, сол кезде мен басқа өңірде болдым», - деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне тарифтертерді төмендетуге бағытталған жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырғанын, Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялағанын, бағаны негізсіз өсіруге жол берген монополистерді жазалауды тапсырғанын, Ұлттық экономика министріне арнайы тапсырма бергенін, көмір мен тауарлардың бағасын ерекше бақылауда ұстауды тапсырғанын, әрі халықты толғандырған мәселелерге назар аударуға шақырғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиында электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың жұмысы сынға алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер