BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Біртанов Қарағандыдағы тіс емханасында болған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағандыдағы тіс емханасында болған бала өліміне қатысты мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Тексеріс нәтижесі бойынша материалдар тергеу жүргізіп жатқан тергеу органдарына беріледі. Одан әрі шара қабылдау туралы шешім қабылданады. Біз ол дәрігердің жауапкершілігін тексеріп жатырмыз. Бұған дейін бұл дәрігер медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзған. Талаптарды ескеріп, қоғамдық денсаулықты бақылау комитетінің департаменті сот тәртібі бойынша дәрігердің сертификатын алу, тиісінше сот шешім қабылдағанға дейін кәсіби қызметін тоқтату туралы талап-арыз жолдады», - деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар, министр мұндай жағдайлар заң аясында қаралу қажеттігін атап өтті.

«Медициналық қызметтерді көрсету барысында адамға зиян келсе, ондай іс заң аясында тиісті сараптама жүргізіліп, қаралуы тиіс», - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айының соңында Қарағанды қаласындағы тіс емханаларының бірінде екі жастағы бала көз жұмған. Оның ата-анасы полицияға арыз жазған. Тіс емханасында көз жұмған баланың ата-анасы Ресей азаматтары. Баланың денесі Ресейдің Омбы облысына жіберілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер