BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Бiлiм және ғылым вице-министрi қанша жалақы алады

Бүгiн ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Бибiгүл Асылова өз жалақысының көлемiн жария еттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiзге ешқандай қосымша ақы берiлмейдi. Мен қолыма шамамен 600 мың теңге жалақы аламын. Еңбекақыны саяси мемлекеттiк қызметкер ретiнде аламын. Мемлекеттiк қызметкерлердiң жалақысы олардың мемлекеттiк қызметтегi тәжiрибесi мен бiлiм деңгейiне байланысты», - дедi Асылова Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысына дейiн берген сұхбатында.

Бибiгүл Асылова 2016 жылғы маусымнан бастап Бiлiм және ғылым вице-министрi қызметiн атқарады. Түрлi лауазымды қызметтi атқарған Асылова ҚР БҒМ вице-министрi қызметiне дейiн ҚР Қаржы министрлiгiнiң Әлеуметтiк сала бюджетi департаментiнiң директоры болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер