BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Биыл Қазақстанда баламалы энергия көздерінің қуаты артады – Энергетика министрі

Фото: NewTimes.kz

2018 жылы еліміздегі баламалы энергия көздерінің қуаты 460 МВт-қа жетеді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Global Challenges Summit 2018 форумы аясында өткен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының тұсаукесер рәсімінде Энергетика министрі елімізде жасыл технологияларды енгізу жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.

«Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру жылдарында ресурстарды үнемдейтін таза технологияларды пайдалану қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 94%-ке және ауылдық жерлерде 57%-ке жақсартуға мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі екі есе өсті. Нәтижесінде заманауи энергия үнемдеу жүйесінің негізі құрылды. 2018 жылдың соңына қарай шамамен энергия көздерінің қуаты шамамен 460 МВт болады деп жоспарланып отыр», - деді Қанат Бозымбаев.

Министрдің пікірінше, жүйелі жүргізілген жұмыстар аталған салада оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берген.

«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығының құрылуының арқасында бұл процестің кеңейе түсеріне сенім артамыз. Үкімет басшысы атап өткендей, орталық біздің елімізде және толықтай алғанда Орталық Азияда жаңа технологияларды пайдаланудың катализаторына айналуы тиіс. Қазақстан жаңа технологиялық шешімдерді іздеуге және инвестиция тартуға мүдделік танытатындығын атап өткім келеді», - деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер