BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Биыл елiмiзде 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек 2018 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары бойынша баяндама жасады. Министр осы аралықта елiмiзде 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Жеңiс Қасымбек өз сөзiнде құрылыс мәселесiне тоқталды. Оның айтуынша, құрылыс бойынша нақты көлем индексі 102,1% құрады. 3 аймақтан басқа барлық облыста оң динамика байқалған. Қарқыны төмен - Астана қаласы (23,8%-ға), Павлодар (35%-ға) және Атырау (8,2%-ға) облыстары.

«Инфрақұрылым жобаларында 28%-ға, тұрғын-үйде 28%-ға, өнеркәсіп құрылысында 6%-ға құрылыс-монтаж жұмыстарының өсімі байқалды. Тұрғын үй және басқа да (38,5%) ғимараттарды салу кезінде үлкен көлемде құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалды. Олардың қатарында тас жолдар, темір жолдар, көпірлер, және тунельдер құрылысы (17,9%), мұнай, газ магистралдық құбырлар, инженерлік коммуникация желілері (20,8%), сонымен қатар басқа құрылыс жұмыстары (22,8%) бар», - дедi Қасымбек.

Министрдiң айтуынша, тұрғын-үй саласына 274,8 млрд теңге инвестиция құйылды. Ол былтырғы жылдың деңгейінен 17,5%-ға жоғары.

«Жалпы көлемі 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,6% құрайды). Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспарының 29,7% құрады (жоспар- 12,1 млн ш.м). Жалпы республика бойынша 31 442 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 11 812 - жеке үй», - дедi Жеңiс Қасымбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер