BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Бағаны негізгіз өсірген монополистер заң алдында жауап беруі тиіс – Сағынтаев

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздегі тариф бағасын негізсіз өсірген монополистер заң алдында жауап беретінін мәлім етті.

Алдымен Үкімет басшысы оларға қарсы тергеу ашық жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

«Табиғи монополистердің тарифтік сметалары мен инвестициялық міндеттемелерін орындамау және өндірістік емес шығындарын қызмет құнына заңсыз қосу бойынша анықталған барлық фактілердің басын ашып алу керек. Тарифтерді жасанды түрде көтеру есебінен пайда тапқан жосықсыз монополистер яғни қызметіне адал емес монополистер мен басқарушы компаниялар заң алдында жауап беруі тиіс. Тексеріс жұмыстары көпшіліктің алдында ашық жүретін болсын», - деді ол.

Осы орайда Бақытжан Сағынтаев 2 аптадан соң аталған мәселе Үкімет отырысында қайта қаралатынын айтты.

Осыған дейін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне тарифтертерді төмендетуге бағытталған жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырғанын, Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялағанын жазғанбыз.

Айта кетейік, өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиында электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдарды жұмысы сынға алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер