USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қидың мәселесі қиын болып тұр

Бүгін Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастырудағы заңнамалық бағыттағы кейбір проблемалық сұрақтарға тоқталып өтті, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Салық кодексіне сәйкес, арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға кооператив құрамына кіретін болса, олар арнаулы салық режимін әрі қарай қолдану мүмкіндігін жоғалтады. Себебі, кооператив арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға болып табылады. Осыған орай, аталған кедергіні жою мақсатында кооперативтер үшін Салық кодексінің 448-бабы 3-тармағын (3-тармақшасын) алып тастауды ұсынамыз»,- дейді Қайрат Айтуғанов.

Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің өркендеуіне кедергі келтіріп тұрған салыққа өзгеріс енгізу үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі дайындап жатқан салық туралы заң жобасына өз ұсыныстарын енгізгенін айтып өтті.

«ЖҚШ-тың кооперативтерге бірігуін тежейтін факторлардың бірі – ауыл шаруашылығы малдарының тіршілік ету кезінде қалыптасатын қалдықтарына экологиялық эмиссия төлеу. Ал ЖҚШ үшін мұндай норма қойылмаған. (Салық кодексінің 495-бабы және Экологиялық кодексінің 101-бабы). Министрлікпен аталған мәселелерді шешу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі даярлап жатқан Салық кодексіне толықтырулар енгізу бойынша заң жобасына нақты ұсыныстар берді» , -дейді вице-министр.

Айта кетейік, 1 бас малға төленетін салық сомасы жыл сайын 754 теңгені құрайды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады