«Абу-Даби Плаза» құрылысы кешігіп жатыр – Сүлейменов - Үкімет|12 Маусым 2018, 10:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

«Абу-Даби Плаза» құрылысы кешігіп жатыр – Сүлейменов

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2018 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы құрылыс саласының серпіні біркелкі емес.

«Құрылыс саласы жыл бойы біркелкі емес серпінді көрсетіп отыр (қаң.-мау.17ж. – 5,9%, қаң.-там.17ж. – 0,1%, қаң.18ж. – (-14,9%), қаң.-нау.18ж. – 5,9%, қаң.-сәу.18ж. – 2,1%). Құрылыс саласының өсу серпіні 1-тоқсанда 5,9% дейін ұлғайып, қаңтар-мамырдың қорытындылары бойынша 0,3% нөлдік мәнге қарай жақындады», - деді ол.

Сүлейменовтің ақпаратына сүйенсек, Астанадағы «Абу-Даби Плаза» көп функциялы кешенінің құрылыс қарқыны артта қалып жатыр.

«Құрылыс саласындағы бәсеңдеу Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту бойынша, магистральді құбырлар мен өнеркәсіптік объектілердің, сондай-ақ «Абу – Даби Плаза» көп функциялық кешеннің құрысы бойынша жұмыстардың төмендеуімен байланысты», - деді министр.

Ал, ауыл шаруашылығы саласының көрсеткіші өзгеріссіз қалып, 3,9% көрсетті.

«Ауыл шаруашылығы көлемдері өзгеріссіз қалды және 3,9% жағымды деңгейде сақталды. Ұлғаю мал шаруашылығы өнімдерінің 4,0% орнықты өсуіне негізделеді», - деді ведомство басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер