BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Абаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы халыққа есеп берді

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халықпен кездесу жиынын өткізіп, министрлік атқарған жұмыстар мен алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ол ең алдымен 6 мамыр күні Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрылғанына екі жыл толғанын атап өтті.

«Елбасы БАҚ, коммуникация мен мемлекеттік қызмет көрсету салаларын дамыту бойынша нақты мақсаттар қойды. Қазір олар жоспар бойынша орындалып жатыр. Өткен жылы осындай форматта халықпен кездесу жиынын ұйымдастырған болатынбыз. Мұндай шаралар халық пен мемлекеттік органдар арасындағы жақсы сұхбат алаңына айналды», - деді Абаев.

Ол өзі басқаратын министрліктің 2017 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтты.

«Біріншіден, мемлекеттік сектордың ақпараттық жұмыс сапасы артты, яғни ондаған тараулардың орнына бірыңғай республикалық медиажоспар қабылданды. Осылайша атқарылып жатқан реформалар халық туралы халыққа тиімді ақпарат таратуға жол ашты. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың сапасын арттыру үшін бірнеше нормативтік бастамалар қалыптасты. Мысалы, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс заң бойынша мемлекеттік сатып алудан алынып тасталды. Алайда арнайы қағида қабылданды. Осылайша қоғамдық ұйымдардың БАҚ-ты іріктеу процесін ашық бақылау мүмкіндігі пайда болды. Ал мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа жоғары талапқа сай БАҚ өкілдері ғана қатыса алады», - деді министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер