BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

2021 жылдан бастап төлқұжат латын қарпімен берілмек 

2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарын латын қарпі негізінде мемлекеттік тілде беру көзделген. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожапағанов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Латын әліпбиіне кезеңдеп көшудің жоспары әзірленді. Бірінші кезең - 2018-2020 жылдары нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша дайындық жұмыстары мен іс-шаралар жүргізілетін болады. Латын графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиінде дұрыс жазу қағидалары, мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшалары әзірленеді», - деді ол.

Ол екінші кезеңде ҚР азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәлігін латын графикасы негізінде мелмекеттік тілде беру көзделгенін атап өтті.

«2021-2023 жылдары латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарын беруді қамтамасыз ету көзделген. Филологтар мен ғалым-лингвистерді тарта отырып, орталықтардың оқытушылары мен ересек халықты үйрету үшін семинарлар мен лекциялар, курстар ұйымдастырылатын болады. Үшінші кезең - 2024-2025 жылдары мемлекеттік органдарының, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік БАҚ және баспалардың құжат айналымдарын латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жоспарланған. Министрлік жанында жұмысты үйлестіру мақсатында «Тіл - қазына» орталығы құрылып жатыр», - деді Ерлан Қожағапанов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер