BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасы мақұлданды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкіметте 2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасын таныстырды.

Тұжырымдаманың негізгі тәсілдері Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларына сәйкес әзірленген және келесі бағыттарды көздейді:

1. «қарапайым заттар экономикасын» дамыту;

2. ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру;

3. Өңдеу өнеркәсібіндегі экспорттаушыларды қолдау;

4. шетелдік инвестицияларды қоса алғанда, жеке инвестицияларды тарту арқылы ірі, үздік жобаларды іске асыру.

«Мұнда 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарымен сабақтастық қамтамасыз етіліп, негізгі бастамалар мен қағидалар ескерілген. Жалпы индустриялық саясат сабақтастықты қамтамасыз етеді және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталады. Біз қолданыстағы инфрақұрылымдық және институционалдық базаны барынша пайдаланамыз», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Өңдеу өнеркәсібінің өсімі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін үш негізгі мәселе анықталған: бірінші, өңдеу өнеркәсібінің капиталына салынатын инвестиция ағынының жетіспеуі; екінші, кәсіпорындардың сыни массас құрылмауы; үгһшінші, шығарылатын өнімнің «күрделілігі» төмен.

Осы орайда үш міндетті шешу керек: бірінші, индустрияландыруды тереңдету; екінші, сыртқы нарықтарда сұранысқа ие болған, өңделген тауарлардың өндіріс көлемін, номенкулатурасын және күрделілігін арттыру; үшінші, өнеркәсіптік қуаттарды ұлғайту.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін индустриялық-инновациялық дамудың 5 бағыты ұсынылып отыр:

1. Проактивті сауда саясатын жүргізу

2. Өсу орындарында өндірістің мамандандырылған факторларны болжау

3. Капиталды және ғылымды қажет ететін жаңа өндірістерді ашу

4. Ішкі және сыртқы нарықтарда тиімді кәсіпорындарды тікелей қолдау

5. Индустрияландыру саясатын үйлестіру, қаржыландыру және индустриялық-инновациялық реттей мен қолдаудың тиімділігін арттыру.

Министрдің айтуынша, үшінші индустрияландыру бағдарламасы алдыңғы бесжылдықтан ерекшеленетін болады.

«Тұжырымдама Елбасының Жолдауымен 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес пысықталды. Сол себептен де бұл тұжырымдама жобасы Елбасы қойған міндеттерге сай келеді деп есептеймін. Жан-жақты сарапшылармен бірге тұжырымдама қаралды», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет мүшелері тұжырымдаманы қолдап, ортақ шешім қабылданды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер