BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Туризмнің дамуы әкімдердің рейтингіне әсер етеді

Фото: TR-KAZAKHSTAN.KZ

Қазақстанның Спорт және мәдениет министрлігі жұмысқа қатысты жаңа көрсеткіш енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы вице-министр Ерлан Қожағапанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алғаш рет туризм секторы ұлттық экономика драйверлерінің қатарына қосылып отыр. Осыған орай ішкі және сыртқы туризмді бес критерий бойынша бағалап, әкімдердің рейтингін осыған сәйкес жасап отырмақпыз. Аталған критерийлер келесідегідей: аймақтағы туристік лектің динамикасы, қонақүйлердің жұмысбастылығы, туризмді дамытуға арналған бюджет, осы бюджеттің игерілуі және туризм саласынан салық аударып отыру», — дейді Ерлан Қожағапанов.

Мұнымен қатар, вице-министр мемлекет басшысының өзінің Жолдауында аймақтарда туризмді дамытудың маңызды екенін айтқанын еске салды.

«Ведомство туризмнің сакральды, экологиялық, мәдени-танымдық, медициналық және спорттық сынды жаңа түрлерін дамыту жоспарланып отыр», — дейді спикер.

Сондай-ақ, Ерлан Қожағапанов Қазақстанға жыл сайын келетін туристер санының өсіп келе жатқанын айтып өтті. Осылайша 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы келген шетелдік қонақтардың саны 18% көп болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер