BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

"Туған жерім - алтын бесігім": өтініштер 14 қарашаға дейін қабылданады

"Туған жерім - алтын бесігім" байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген өтініштер келіп түсті. Әрбір қатысушы өз өлкесі туралы баяндауда. Осындай жұмыстар көбірек болуы үшін, ұйымдастырушылар байқауды 2018 жылдың 14 қарашасына дейін ұзартуға шешім қабылдады.

Ұйымдастырушылар байқау нәтижелерін 15 қарашада жариялауды жоспарлап отыр. Ресми марапаттау рәсімі 2018 жылғы 16 қарашада өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Қазконтент" АҚ ішкі және халықаралық туризмді дамытуға бағытталған "Туған жерім - алтын бесігім" атты туристік байқау жариялаған болатын. Қатысу үшін 3 минуттан аспайтын бейнесюжет түсіру керек.

Ең көп "лайк" жинаған қатысушылар жеңімпаз болады. Сыйлық I, II, III орындарға беріледі. І орын жеңімпазы 900 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады, ІІ орын иегері 600 000 теңге, ал ІІІ орын иегері 500 000 теңге алады.

Байқау бейнесюжеттері #qazcontentkonkurs2018, #konkurs_s_qazcontentom хэштегтерінің жұмыс сипаттамасында болуы міндетті шарт. Сонымен қатар, жұмыстар kaztubetour@gmail.com поштасына жіберілуі тиіс.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер