BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Шығыс Қазақстанда экокурорт пайда болады

Фото: yandex.ru

Астана, BAQ.KZ. Алдағы бес жылда ШҚО-да «Алтай інжу-маржаны» туристік кластерін құру бойынша жұмыстар жалғасын табады. Катонқарағай ауданының Бекалқа ауылында экологиялық курорт пайда болады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Алдағы бес жылда ШҚО-да «Алтай інжу-маржаны» туристік кластерін құру бойынша жұмыстар жалғасын табады. Бірнеше туристік аймаққа басымдылық беріліп отыр.

Бірінші кезекте Алакөл тұр. Туризмді дамыта түсу мақсатында Үржар ауданында әуежайды қайта жаңғыртпақ.

Екінші кезекте облыс аумағындағы пантымен емдейтін шипажайларды кеңейту бойынша жоспарлар да бар.

Бүгінде Катонқарағай ауылындағы бұрыңғы балабақша ғимаратының базасында «Ұзақ өмір сүру орталығы» ашылған. Алдағы уақытта Бекалқа ауылында 700 орынды «The Best» экокурортының құрылысы жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Ұлан ауданындағы Сібе көлдерінің жағалауында «Жібек жолы» демалыс базасы салынуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер