BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Министр туризм саласын дамыту үшін не істеу қажеттігін айтты

Фото: Pandaland.kz

Эко және этнотуризм туристік өнімінің негізі болуы қажет. Ол үшін қолөнер кәсібін дамытып, кәдесый өнімдерін өндіруді қолға алып, жыл сайын түрлі фестивальдер өткізіп тұрған жөн. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Қазақстандық туристік өнімді қалыптастыру және дамыту мәселелері» конференциясында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жиында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов аталмыш ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының форум қатысушыларына арналған алғы сөзін оқып берді.

«Аталған салада елеулі экономикалық табысқа қол жеткізу үшін бәрімізге сапалы туристік ұсынымдар бойынша үйлестірілген нақты жұмыстар жүргізу қажет. Сонымен қатар біз пакеттік туристік ұсынысты алға дамыту жағын да ойлауымыз керек. Мұнда еліміздің әрбір өңірінің ерекшелігі ескерілуі шарт. Аталған көзқарас бізге материалдық және қаржылық ресурстарды шоғырландыруға, ол адами капиталды және жарнамалық маркетингті дамыту стратегиясы бізге сыртқы және ішкі туризмдегі көрсеткішті ұлғайтып, мультипликативті әсерді қамтамасыз етеді», деді министр өз хатында.

Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы туризм саласының бәсекеге қабілетті болуы үшін тағы да бірқатар жұмыстар жүргізу қажеттін алға тартты.

«Еліміздің өзіне тән әсем табиғаты мен мәдениетін ескере отырып, эко және этнотуризм Қазақстан туристік өнімінің негізі болуы қажет. Ол үшін қолөнер кәсібін дамытып, кәдесый өнімдерін өндіруді қолға алу керек. Ауылдық жерлер мен табиғи зоналарда қонақ үйлер мен демалыс базаларын салу қажет. Сонымен қатар жыл сайын «Ұлы дала рухы» этникалық фестивалі, Алма фестивалі, Қызғалдақ жолы, Ұлы Жібек жолы, Алтай - мәдениет бесігі, Тайқазан т.б. секілді фестивальдер мен этникалық компоненті бар өзге де турларды өткізіп тұрған жөн», - деді ол.

Сондай-ақ ведомство басшысы еліміздегі туризм саласын дамытуға биыл құрылған «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы жауап беретінін жеткізді

«Аталған компания еліміздің туризм саласына инвестиция тартумен де айналысады. Ондағы штаттық күн тәртібі бекітіліп, кәсіби команда жиналды. Сонымен қатар компания өзінің қызметтік міндеттерін атқаруға кірісіп кетті. Біз аталған компанияға үлкен үміт артамыз», - делінген мәдениет министрінің хатында.

Айта кетейік, «Қазақстандық туристік өнімді қалыптастыру және дамыту мәселелері» конференциясын «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы ұйымдастырған болатын.

Еске салсақ, кеше Мәжiлiс депутаты Шавхат Өтемiсов ішкi туризм қымбатшылығын жою үшiн бәсекенi дамыту керек деген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер