Министр шетелдік туристер үшін «Жібек жолы» визасын бекітуді ұсынды  - Туризм|08 Тамыз 2018, 11:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Министр шетелдік туристер үшін «Жібек жолы» визасын бекітуді ұсынды 

Біз шетелдік туристер үшін Түрік кеңесімен бекітілген Жібек болы туристік бағдары бойынша «Жібек жолы» визасын ұсынуымыз керек. Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түркі кеңесі аясында туризм министрлерінің төртінші кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстан туризм арқасындағы экономикалық ықпалды өткен жылы Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу барысында сезінді. Көрмені 7 млн жуық келушілер тамашалаған. Бірнеше ондаған жыл бойы туризм саласы тұрақты дамып, экономиканың ең тез дамушы секторларының біріне айналды. Сонымен қатар, туризм саласы іскерлік операциялар көлемі бойынша мұнай экспорты, азық-түлік, автомобиль саудасынан асып түсті», - деді министр.

Мұхамедиұлы Мемлекет басшысы туризм саласына үлкен мән беретінін және аталған салаға Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 қатарына кіргізу ісінде үлкен міндеттер жүктелгенін атап өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ішкі туризмді дамыту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Аталған бағдарламаның арқасында еліміздегі музей-қорықтар саны арта түсті. Осы жылдың өзінде біз республикалық маңызы бар тағы 3 музей-қорық құрдық. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халықаралық деңгейде туризм саласын дамыту және шет елдермен қарым-қатынасты нығайту үшін күш салып келеді. Айта кету керек, Қазақстан визалық-миграциялық режимді либерализациялауға үлкен мән береді. Осылайша, әлемнің 61 елінің, ЭЫДҰ-ға мүше 35 және аталған ұйымға кірмейтін 10 елдің, өзара келіссөз арқасында 16 елдің азаматы Қазақстан визасын алудан босатылған. Ал 48 мемлекеттің азаматтарына туристік виза Қазақстанға шақыруды рәсімдеусіз беріледі», - деді ведомство басшысы.

Министрдің берген мәліметін сәйкес, бүгінгі таңда Қытай мен Үндістан азаматтары үшінші мемлекетте сапар жасау барысында Қазақстанда 72 сағатқа дейін визасыз болуына рұқсат етілген.

«Қазақстан сонау заманнан бері Ұлы Жібек жолының ажырамас бөлігі болып табылады. Осы орайда, Түркі кеңесі мемлекеттерінің басшылары Бодрумда өткен саммит барысында «Қазіргі заманғы Жібек жолы» түркі кеңесіне туристік өнімдерді даярлау бойынша үйлестіруші етіп тағайындады. Осыған байланысты, біз ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қырғызстанда өтетін саммитке нақты шешімдерді ұсынуымыз керек. Ортақ туристік өнімді әзірлеп, оны халықаралық көрмелерді әлемге таныту бойынша сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу керек. Сонымен қатар, біз шетелдік туристер үшін Түрік кеңесімен бекітілген Жібек болы туристік бағдары бойынша «Жібек жолы» визасын ұсына аламыз. Мұндай механизмді енгізу Шенген визасының баламасы бола алар еді. Біз бірлесіп туристер үшін тарихи қалалар бойынша өтетін тур ұсына аламыз. Біз келесі 2019 жылды Әзірбайжандағы Қазақстан туризмі жылы деп енгізуді ұсынамыз», - деген ол Қазақстандағы Өзбекстан жылы сәтті жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер