BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Қазақстанға Малайзиядан келген туристер саны 81% өсті

Фото: kapital.kz

Қазір Қазақстан Лангкави қаласындағы (Малайзия) PATA Travel Mart 2018 Халықаралық туристік көрмеге қатысып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

PATA Travel Mart Халықаралық туристік көрмесі жыл сайын Азия-Тынық мұхиты туристік қауымдастығының қолдауымен жыл сайын өткізіледі.

2017 жылы көрме Макао қаласында 37 мемлекеттен келген 460 экспонентердің қатысуымен ұйымдастырылған болатын. 281 ұйымның 293 туроператоры сол көрмеге қатысты.

«Қазақстан бұл көрмеде алғаш рет қатысып отырған жоқ себебі Малайзия мемлекетіміз үшін әлеуетті нарық болып саналады. Қазақстан мен Малайзия арасында тұрақты тіке ұшулар бар, Малайзия азаматтарына бір айға дейінгі мерзімде визасыз режим қойылған. Осы факторлардың барлығы туристер санының артуына алып келді», - дейді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы.

Айталық, Статистика комитетінің мәліметі бойынша Mалайзиядан Қазақстанға келушілер санын 2012-2017 жылдар аралығында салыстырсақ екі есеге өскен. Ақпарат бойынша Малайзиядан Қазақстанға келген туристер 81% пайызға артты.

«Euromonitor» статистикалық мәліметтері бойынша 2017 жылы Малайзиядан келген 5 245 азаматтар саны, елімізге келетіндердің 0,02% құрап, олардың төлем қабілеті орта есеппен 920 АҚШ долларын құрайды.

Жалпы, PATA Travel Mart 2018 көрмесінде Қазақстан өзінің туристік мүмкіндіктерін көрсетуде.

Сонымен қатар, көрмедегі Қазақстан павильонына келушілер «Air Astana» әуе компаниысының Куала-Лумпур – Алматы бағыты бойынша эконом-класстағы барып-қайту екі билеті мен «The Ritz-Carlton, Astana» отеліне тұруға жолдама ұтып алуына мүмкіндік бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер