Қазақстандық Диснейленд құрылысына қанша қаражат қажет?  - Туризм|10 Тамыз 2018, 10:38
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Қазақстандық Диснейленд құрылысына қанша қаражат қажет? 

Алматы облысында Happy Land атты отбасылық ойын-сауық паркін салу үшін инвесторлар іздестірілуде. Бұл жөнінде Алматы бойынша KAZAKH INVEST өкілдігінің директоры Жандос Оразалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі newtimes порталына сілтеме жасап.

Парк құрылысы құрамына 64 туристік нысан кірген елдің туристік саласын дамыту аясында жүзеге асырылатын болады.

«Бұл жоба туризмді дамыту және туристерді тарту жағынан өте қызықты жоба болып табылады. Диснейленд немесе басқа да әлемдік парктер секілді кешен бой көтеруі үшін инвестициялар қажет. Біз Катар және Біріккен Араб Әмірліктері компанияларымен келіссөздер жүргіздік. Инвесторлар іздестіру бойынша жұмыстар әлі де жалғасып жатыр», - деді Оразалиев.

Спикердің айтуынша, Happy Land отбасылық ойын-сауық паркінің құрылысына 200 млн доллар қажет.

«Біздің жоспарымыз бойынша парк 2019-2020 жылдары іске қосылады. Алайда, бұл мерзім инвесторларға қатысты созылуы да мүмкін», - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер