BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстан мен Өзбекстан арасында ортақ мультивиза туралы келісім жасалмақ

Фото: TRT

Қазақстан мен Өзбекстан туристер үшін ортақ виза шығару туралы келісімге қол қоймақ. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысынан кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта біздің мемлекеттер виза туралы келісіп жатыр. Демек, Өзбекстан аумағындағы туристер үшін берілетін виза Қазақстанда да жарамды болады. Бұл былайша айтқанда ортақ виза болмақ. Қазақстанға келген шетелдік қонақтар Өзбекстанға да бара алар еді», - деді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, бұл келісімге екі елдің Сыртық істер министрліктерінің туристік ынтымақтастық тұрғысында қол қойылған.

«Бүгінгі комиссия отырысының соңында осы келісімге қол қойып, Үкіметке қаулы ұсынамыз. Әрине, уақыт өтіп бара жатқандықтан, біз бұл процессті тездетуіміз керек», - деді министр.

Сонымен қатар, бүгін Астанада өткен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысында Қазақстан мен Өзбекстан тарапы бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер