BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Қазақстан гонконгтық туристерді тартуда

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің тапсырысымен 14-17 маусым аралығында Hong Kong Convention & Exhibition Centre көрме орталығында өтіп жатқан 32-ші ITE HK & MICE халықаралық туристік көрмесінде Қазақстандық стендті ұйымдастырды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Стендтің тақырыбы - «Bleisure» (іскерлік туризм мен демалыс) және Қазақстанның этномәдени ерекшеліктерінің элементтері болмақ. Қазақстан тарапынан шараға 11 туроператор қатысуда.

Жалпы көрмеге 55 мемлекеттен 670 экспонент қатысады. 14-15 маусымда көрме b2b форматында жұмыс істеп, сонғы екі күні ITE HK & MICE есігі барлық келемін деушілерге ашық болады.

«Bleisure» - бұл әлемдік туристік салада іскерлік сапарлар мен демалысты біріктіретін ең бір тез өсіп келе жатқан сегмент және жаңа тренд. Басқа сөзбен айтқанда, business & leisure», - деп атап өтті Ұлттық компания басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов.

Көрмеде ойын-сауық компоненттері мен оқиғалы іс-шаралар эко және этнотуризммен бірлесіп ұлттық туристік өнімнің негізін құрайтын «4е» концепциясы толық жүзде іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, 14 маусым «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы және ҚР Гонконг қаласындағы Бас консулдығы қолдауымен Еуразия туристік ассоциациясы екі елдің 100-ге жуық бизнес және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан туризмінің кешін ұйымдастырады.

Кешті қазақстандық туристік өнімнің презентациясымен «Kazakh Tourism» басқарма төрағасының орынбасары Қ. Садуақасов ашып, Алматы қаласы және облысы, Оңтүстік Қазақстанның, сондай-ақ туристік компаниялар мен қонақ үйлердің туристік өнімдері ұсынылатын болады.

Кеш аясында қазақстандық дизайнер Айгүл Жансерікованың ұлттық киімдер көрсетілімі, ұлттық тағамдар дегустациясы және b2b кездесулер өтеді.

Айта кетсек, International Travel Expo Hong Kong көрмесі 1986 жылдан бастап TKS Exhibition Services Ltd. компаниясымен Қытай Ұлттық туризм басқармасы, Гонконг туризм кеңесі, Макао туризм бойынша үкіметі, туристік және MICE ассоциациялар қолдауымен жыл сайын өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Маусым 2018, 10:35
ҚАҒАЗБАСТЫ ҚАЗАҚСТАН!
Пікірлер