BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

 Кazakhstan.travel ұлттық туристік порталы іске қосылады – министр

Фото: интернеттен

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «ҚР туристік саласын дамыту туралы» үкімет сағатында "Kazakhstan.travel" ұлттық туристік порталы іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Туризм саласындағы көрсеткіштердің артуына Үкіметтің шешіміміен құрылған Kazakh Tourism компаниясы маңызды рөл атқарып отыр. Сол себепті Kazakh Tourism ТОП-15 объекті мен инвесторлар үшін негізгі серіктес болатын басқарушы компания болады деп жоспарлап отырмыз", - деді министр.

Ведомство басшысы осы саланы дамыту барысында компания әзірлеген елдің туристік бренді жобасы жақын уақытта таныстырылатынын атап өтті.

"Алғаш рет Қазақстан тарихында "Kazakhstan.travel" ұлттық туристік порталы іске қосылады. Портал еліміздің тур ұсыныстары бойынша туристер үшін бірыңғай ақпарат алаңына айналады деп ойлаймыз", - деді Мұхамедиұлы Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында.

Оның айтуынша, ішкі туризмді дамыту бағытында Kazakh Tourism 20 табиғи объект пен 20 тау шыңдарын бағындыру жобасын сәтті іске асырды.

Айта кетсек, бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «ҚР туристік саласын дамыту туралы» үкімет сағатында Қазақстанға келуге ниетті шетел азаматтары үшін виза мәселесі қалай шешіліп жатқанын атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер