BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Kazakh Tourism төрағасы: Ұлытауға барғым келеді және бәріңізге сонда баруды ұсынамын

Kazakh Tourism ҰК АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев демалыста қайда баратынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ол жақын уақытта іссапармен Еуропаға баратынын, ал саяхатшы ретінде өз еліміздегі демалыс орындарын таңдайтынын мәлімдеді.

«Қазақстанның ішінде саяхаттаймын. Биыл міндетті түрде Ұлытауға барғым келеді және бәріңізге сонда баруды ұсынамын. Не үшін десеңіз, себебі Ұлытау Қазақстанның ғана емес, Еуразияның жүрегі. Бұл қасиетті орын. Онда Шыңғысхан ұрпақтарының ішінде қабірі бүгінге дейін сақталып жеткен «Жошы хан» кесенесі бар. Ол ұрпағы ғана емес, үлкен ұлы және қазақ хандарының негізін салушы. Тарихи орында «Алашахан» кесенесі, «Домбауыл» кесенесі, Ұлытаудан әрі қарай «Хан ордасы» бар. Ол жерден петроглифтерді көруге, киіз үйде өмір сүріп, атпен жүруге, балық аулауға болады», - деді Күзембаев.

Kazakh Tourism ҰК АҚ басқарма төрағасы Қазақстанның ТОП-10 табиғи орындары мен мәдени ескерткіштерінің тізімін жасады.

«Сарыарқа маржандары – Бурабай, Қарқаралы, Баянауыл, бұл жаңа ғана айтып өткен қасиетті орын – Ұлытау, бұл – Зайсан, Марқакөл, Рахман бұлақтары бар Алтай, бұл – Шарын, Көлсай, Қайыңды, Алтын Емел секілді тамаша табиғаты бар Алматы, бұл – кемелер зираты бар Арал, бұл – Каспий, Алакөл, Балқаш және Үстірт», - деп тізбектеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер