BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Қазақ мәдениеті Түркияда халықаралық көрмеде таныстырылды

Фото: Елшіліктің баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ. 6-8 желтоқсан аралығында Түркияның Измир қаласында "Travel Turkey Izmir 2018" халықаралық көрмесі өтеді. Бұл туралы ҚР Түркиядғы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылы "Travel Turkey Izmir" көрмесіне 36 елден 1284 қатысушы және 63 елден 44 589 келді. Биыл Түркияның Измир қаласындағы ең үлкен және заманауи Fuar Izmir көрме кешенінде 20 000 м2 астам алаңда ұйымдастырылды. Оған туризм саласындағы 50 000 кәсіпкер қатысып жатыр.

Аталған халықаралық көрмеге елімізден туризм индустрия өкілдері делегациясының баруын Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.

Көрмеге келушілер «асық ату» мен «арқан тарту» сияқты қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Одан бөлек қатысушылардың алдында ашылған еліміздің көрікті жерлері бейнеленген «пазлдарды» барынша жылдам құрастыру арқылы Қазақстанның мәдениетімен танысты.

Сондай-ақ, Қазақстан Rixos Borovoe және Hilton Astana қонақ үйлерінің сертификаттары мен кәдесыйлар түрінде бағалы сыйлықтарды ұтысы болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер