BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Биыл Францияға келген туристер саны 90 миллионға жуықтады - Филипп Мартинэ

Фото: Нұржас Жақсыбай

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ биыл Францияға келген туристер саны 90 миллионға жететінін айтты. Дегенмен, елші қазақстандықтар Францияға жиі келмейді дейді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Францияға өте көп турист келеді. Биылғы жылы біз 90 миллион турист көрсеткішіне жетеміз деп ойлаймын. Бұл Франция үшін тарихи рекорд. Туристер көп болғандықтан біз тарихи мұраларымыздың қорғалуына аса зор мән береміз. Біз бұндай көрсеткішке бірден жеткен жоқпыз, біртіндеп даму арқылы қол жеткіздік. Адамдарды қызықтыратын – өмір сүру сапасы. Егер елде өмір сүру жайлы, тамағы дәмді, шарабы жақсы болса, онда әрине адамдар көп келеді», - деді Филипп Мартинэ ОКҚ брифингінен кейін берген сұхбатында.

Елшінің айтуынша, Францияға қазақстандықтар аз келеді, ал қытайлықтар көп келеді. Бұл біріншіден, экономикалық жағдайға байланысты, екіншіден, Испания, Португалияда арзанырақ болғандықтан көбі сол елдерге барады.

«Парижге демалуға ауқатты адамдар жиі келеді. Дегенмен, айтарым, Франция – бұл Париж ғана емес. Елімізде басқа да көптеген тартымды өңірлер бар. Әр аймақтың өз ерекшілігі, тарихы, мұрасы және асханасы бар», - деді Филипп Мартине.

Атап өтсек, бүгін Астанада «Цифрлық күз 2018» мәдени іс-шаралар маусымы басталды. Биыл мәдени шаралар өнертабысқа, кәсіпкерлік рухқа және болашаққа бағытталған. Франция елшілігі мен оның серіктестері Қазақстанның цифрландыруға бағытталған ұстанымын ескеріп, осы күзде мәдени іс-шараларын виртуалды түрде жұрт назарына ұсынбақ. Маусым аясында цифрлық даму тақырыбында барлығы он шақты мәдени шара өткізу жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер