BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

#Explorestan Kazakhstan. Қазақстанның туристік брендінің тұжырымдамасы таныстырылды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 7 желтоқсан күні TravelMediaTalks халықаралық форумында еліміздің туристік брендінің тұжырымдамасы көпшілік назарына ұсынылды.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова форум ашылуында сөз сөйледі.

«Бүгінгі форум жаһандық цифрландыру аясында Қазақстанның бәсекеге қабілетті туристік дамуын насихаттау бойынша стратегиялық қалыптастыру тұрғысынан өте маңызды. Осындай спикерлердің, қатысушылардың сапалы құрамын ескере отырып форумның нәтижелері көп күттірмейтініне сенемін», - деді вице-министр.

Kazakh Tourism ҰК АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев тұжырымдама Үкіметте таныстырылғанын атап өтті.

«Бүгін енді сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Аталмыш брендті жетілдіру стратегиясы кең көлемді түрде жүзеге асыру және маркетинг бойынша жұмысты бір арнаға қою үшін ең алдымен турбизнесті, содан кейін медиаиндустрия мен блог саласын тарту қажет екенін білеміз. Әрбір турагент, әрбір журналист, әрбір әлеуметтік желіні белсенді қолданатын азамат Қазақстан туралы қызықты ақпаратпен бөлісетін бренд-амбассадор бола алады деп санаймыз. Бүгін біз осы саладағы әріптестеріміздің тәжірибесі біз үшін қызықты, сол себепті еліміздің ұлттық туристік бренді саланы дамытуға әсерін талқылау үшін пікірталас алаңына айналатын форумды өткізуді жөн көрдік», - деді Күзембаев.

Қазақстандағы жаңа туристік жаңалықтарды зерттеуді сипаттайтын еліміздің туристік брендінің атауы - #Explorestan Kazakhstan. Осы орайда форумның арнайы қонағы, халықаралық журналист, жобаның шығармашылық продюсері Риз Хан неліктен мұндай тұжырымдама таңдалғанын айтты.

«Батыста -стан жұрғаны негативті таныстырылды. Бүгінгі таңда -стан жұрнағы бар көптеген мемлекеттерді ел бейнесіне қатысты кедергілер туындайды. Кейбіреулер миллиондаған PR кампанияларды жүргізсе, кейбіреулер -станды алып тастау қажет деп ойлайды. Неге біз оны алып тастауымыз керек? Батыс -стан жұрнағын теріс жағынан қолданса, біз оны өз пайдамызға қарай өзгерте аламыз. Біз мұны өзімізге иекемдеуіміз керек», - деді ол.

Форум спикерлері – 6 мемлекеттен, соның ішінде Ұлыбритания, Ресей, Украина, Белоруссия, Қырғызстаннан келген туризм мен медиа слаасындағы сарапшылар. Шараның басты тақырыбы – «Жаһандық цифрландыру кезеңіндегі туризм: жаңа толқынға бағыт».


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер