Экологиялық проблемаларды шешу мәселесі талқыланды - Туризм|07 Желтоқсан 2017, 19:06
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Экологиялық проблемаларды шешу мәселесі талқыланды

Фото: facebook.com. Нұрхан Серкебай

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемаларды шешу үшін қоғамды біріктіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Президиум төрайымы Әлия Назарбаева мен Парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Шара шеңберінде қоршаған ортаны қорғаудың және «жасыл экономиканың» өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Экологияны қорғауға қай ұйым зор үлес қосуда деп атамай-ақ, бәріміз жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын ұмытпауымыз керек. Бәріміз жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын ұмытпауымыз керек. Ассоциацияға мүше болған әрқайсымыз мен қандай үлес қоса аламын деген оймен кіргені дұрыс»,- дейді Халықаралық экология академиясының президенті Мұсағали Сәрсенбайұлы.

Жаңадан құрылған қауымдастыққа кіру үшін 27-ге жуық экологиялық ұйым өкілдері декларацияға қол қойған.

«Қауымдастық экология саласында жаңа формат бойынша жұмыс атқарып, халықаралық деңгейде экологиялық мәселердің алдын алу үшін құрылған. Экологиялық бизнеске қатысты жаңа жобалар да жүзеге асырылады», - деді қауымдастық президиумының мүшесі Салтанат Рахымбекова.

Оның айтуынша Қазақстан 132 елдің ішінде қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану тұрғысынан экологиялық тиімділігі бойынша 69-орынға жайғасқан.

Статистика бойынша 1990 жылдан бері әлем бойынша көмірқышқыл газы 50%-ға көбейген. Ал 1,8 миллиард адам лас суды қолданады. Әлем бойынша әрбір бесінші адам электр энергиясына мұқтаж. Жердің деградацияға ұшырауы халықтың 74%-на тікелей әсер етеді. 2,4 миллиард адам негізгі санитарлық қызметке зәру. Сонымен қатар, су тапшылығы мен табиғи ресурстардың азаюы да назар аударарлық жағдай.

Экологиялық күрделі мәселелердің ішінде қоқысты қайта өңдеу мәселесі де өзекті. 1804 жылы әлемде 1 млрд адам жер ресурстарын пайдаланса, 2017 жылы 7,5 млрдқа жуық адам жер ресурстарының 90%-ын қолданады. Әр жыл сайын қоқыстың мөлшері 6-7%-ға көбеюде. Жиын барысында алдағы уақытта жаңадан құрылған қауымдастық еліміздегі экологиялық мәселерді халықаралық деңгейде көтеріп, оны шешу үшін бірқатар істер атқарылатыны айтылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер