BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Батыс Қазақстан облысы шағын авиация арқылы туризмді дамытады

Батыс Қазақстан облысында шағын авиация арқылы жергілікті туризмді дамыту жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Облысымыздағы ірі туристік объектілерінің бірі - «Жәңгірхан» мұражайы облыс орталығынан 600 шақырым қашықтықта орналасқан. Көктемде және күзде бұл жерге бару қиын. Сондықтан, ұзақ мерзімді туристер ағымын ұлғайту үшін шағын авиация мен жергілікті авиакомпанияларды дамыту туралы шешім қабылдадық. Осыған орай 2021 жылға дейін бұрыннан бар аэродромдар қалпына келтіріледі», - деді БҚО әкімі.

Облыс әкімінің айтуынша, қазір Үкіметте шағын авиацияны дамыту туралы мәселе көтеріліп жатыр.

«Өнеркәсіп және даму министрлігімен бірге біз бұл мәселені қарастырудамыз және ертең облыстық мәслихат сессиясында бюджеттік қаражаттарды техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес бөлуді қарастыратын боламыз. Егер кішігірім авиацияны көтерсек, сәйкесінше, ішкі туризм де дамиды», - деді Алтай Көлгінов.

Сәйкесінше, жергілікті авиакомпаниялардың инфрақұрылымы да дамып, бұрын қолданыста болған шағын аэродромдар жандандырылатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер