BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Алматылықтар «Нұрсұлтан» шыңын бағындырды

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына орай дәстүрлі 2А категориялық қиындықта «Нұрсұлтан шыңы» альпиниадасы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

5000-нан астам 12 жастан асқан кез келген қатысушы 4376 метр биіктікті бағындыруға ниет білдіргенімен, тек 200-ден астамы ғана шыңға шықты. Қатысушылардың арасында өзге мемлекет қонақтары, сондай-ақ Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Әбіл Дөңбаев та болды.

Альпианиада басталған сон артынша «Шымбұлақ» таушаңғы курортында скайраннинг спортынан бірнеше жас айырмашылық бойынша Қазақстан чемпионаты өткізілді. 100-ден астам спортшы өз бақтарын сынап көруге тырысты. Солардын бірі, жүлделі орын алған Рауан Абулханов өз ойымен бөлісті.

"Дайындық тауда емес, қалада өтті. Өзім осы жарысқа жиі қатысамын. Маған жүгірген өте ұнайды. Бүгін өз жасым бойынша бірінші, ал, «абсолютте» үшінші орын алдым. Уақытым 1 сағат 53 минут", - дейді әскери институтынын сержанты Рауан Абулханов.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар медалдар мен, ал, альпиниада қатысушылары сертификатпен марапатталды.

Бұл іс-шараның ашылу салтанатында еліміздің белгілі альпинисті Мақсұт Жұмаев қонақтарды Астана күнімен құттықтап, альпинизммен айналысуға кеңес берді. Артынша бұл мереке әншілердін өнерлерімен жалғасты.

Айта кетер жайт, Альпиниада «Шымбұлақ – Нұрсұлтан шыңы» салауатты өмір салтын ұстанып, жастар арасында спортты дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер