BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Алматыда туристерге арналған жаңа бағдарлама шықты

Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы «Алматы 72» деп аталатын жаңа туристік бағдарлама жасап шығарды. Бұл бағдарлама Алматыға келген туристердің 72 сағатқа немесе одан да көп уақытқа дейін саяхатына арналған. Алматыға келген әрбір туристтің қолына әмбебап тізім ұсынылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Тізімнің ішіне, Алматы қаласының басты көрікті жерлері кіреді. Олар: Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ шаңғы орталығы, Көк базар, мұражайлар және т.б. Туристерге қазақтың ұлттық тағамдарымен қатар әлемге әйгілі Алматы апортынан дәм татуға болады. Барлық шетелдік туристердің 100% ақпараттандыру үшін шекаралық және кедендік бақылауды өту кезінде туристерге арналған тізім көрсетілген паспортқа салынады. «Алматы 72» бағдарламасы үш тілде жарық көріп, әуежайда, теміржол станцияларында, Visit Almaty ақпараттық стендтерінде және орталықтың серіктестерінің 40-тан астам нүктелерінде тегін таратылады.

Құрылу уақытының бір жылға жетпегеніне қарамастан Туристік Ақпарат орталығы туристерді тарту нүктесі болуымен қатар, Алматы қаласындағы қызмет көрсету орталықтары мен қала көлеміндегі іс-шаралар туралы маңызды ақпарат таратушы болуда.

Алматы қаласының Туризм басқармасы негізінде DMO (Destination Management Organization) стандарттарға сәйкес ұйымдастырылған. Туристік ақпараттық орталығы Алматы облысындағы жалғыз басқарушы кеңсесі болып табылады.

Оның міндеті - қаланың туристік әлеуетін дамыту және туристерді тарту. Сонымен қатар, Visit Almaty өз алдына зерттеу орталығы болып есептелінеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер