BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

«Ақыртас» пен «Айша бибі» әлемдегі ерекше нысандардың тізіміне енді

Астана, BAQ.KZ. Түркия елінің Анталья қаласында туристік тартымдылық және туризмді жоғары деңгейде тұрақты дамыту мәселелері бойынша халыақаралық комитеттің кезекті сессиясы өтті. Онда ерекше тартымды туристік нысандардың қатарын толықтыру мәселесі қаралды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жаңа нысандарды қабылдау бойынша шешім комитеттің сессиясында қабылданады. Комиссия құрамында әлемнің сексен елінің сарапшылары бар. «Айша бибі» кесенесі мен «Ақыртас» сарай кешені Жамбыл облыстық басқарма қызметкерлерінің таныстыруынан кейін сарапшылардың қолдауымен әлемдегі ерекше туристік тартымды нысандардың тізіміне енді. Сондай-ақ сол санатты ресми нақтылайтын арнайы сертификат тапсырылды.

Енді бұл нысандарды көпшілікке әлеуметтік желілер арқылы танымал ету мақсатында «WORLD LIST – TOURIST ATTRACTION» белгісін (логотип) пайдалануға рұқсат етіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер