BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Жыл соңына дейін E-Shanyraq жүйесін құруды аяқтаймыз – Қасымбек

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бүгінгі Үкімет отырысында ведомствоның 2018 жылдың соңына дейін «E-Shanyraq» бірыңғай интеллектуалды ақпараттық жүйесін құру жұмысын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, «E-Shanyraq» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына цифрлық экономиканың негізгі құралдарын енгізуге мүмкіндік береді.

«Осы жылдың соңына дейін министірлік «E-Shanyraq» бірыңғай интеллектуалды ақпараттық жүйесін құру жұмысын аяқтайды. Аталған жүйе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына цифрлы экономиканың негізгі құралдарын енгізуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы сумен жабдықтау және су тарту секторын қаржыландыру механизмдеріне тоқталды.

«Қалалық елді мекендер бойынша сумен жабдықтау және су тарту секторын коммерцияландыру мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасында басталған қайтарымды қаржыландыру механизмдерін одан әрі қолдану жалғасын табады. Бүгінгі күні Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) әріптестік аясында сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту бойынша жалпы құны 24,4 млрд.теңге болатын 13 жоба іске асырылып жатыр. Мұндай жұмыс Азия Даму және Дүниежүзілік банктерімен де пысықталуда», - деді министр.

Осы орайда Жеңіс Қасымбек мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын қосымша қаржыландыруға республикалық бюджеттен ақша беруді ұсынды.

«Қалалық сумен жабдықтау және су тарту үшін мақсатты трансферттердің орнына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын қосымша қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлуді ұсынамыз», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда халықты сумен қамтамасыз етуде 1684 жоба іске асырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер