BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Startup Genome бас директоры Қазақстанның IT саласындағы потенциалын жоғары бағалады

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумына келген канадалық спикер, Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готье Қазақстанның IT-технологиялар саласындағы птенциалын жоғары бағалады.

«Қазақстанға IT-технологиялар саласын дамытуға көмектесу мақсатында келіп отырмыз. Біз Қазақстанды АҚШ, Еуропамен байланыстыра аламыз. Біздің миссиямыз тәжірибемізбен бөлісіп, Қазақстанның осы бағытта дамуына көмектесу болып отыр. Қазақстанның потенциалын өте жақсы деп санаймын. Осы тұрғыдан алғанда стартап, инновациялық жобаларды дамытуға қолдау көрсетуіміз қажет. Бүгінгі таңда бұл жерде Қазақстанның инновациялық технологиялар саласын өркендетуге көмектесетін көптеген инженерлік және ақпараттық жобалар бар», - деді Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готье Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында.

Айта кетсек, форумға халықаралық ІТ-қоғамдастық өкілдері, технология саласындағы белгілі сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер мен өзге де елдердің мемлекеттік секторлары өкілдері, ғалымдар, кәсіпқой цифрлық әзірлеушілер, сонымен бірге венчурлық капиталистер мен инвесторлар қатысып отыр.

Бүгін Digital Bridge алаңында 50-ден аса қазақстандық және халықаралық спикерлер сөз сөйледі, олардың ішінде Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готьеден бөлек Hyperloop Transportation атқарушы директоры Дирк Алборн; Стартап академиясының менторы және кеңесші, стартап тақырыбындағы бестселлер авторы Боб Дорф; Галактика жеке меншік ғарыш компаниясының негізін қалаушы және иесі Алия Прокофьева; Priceline Group негізін қалаушы Джефф Хоффман; венчурлық капиталдың халықаралық фирмасы Global Catalyst Partners төрағасы және тең мердігері Камран Элахиан бар.

Форум аясында «Цифрлық экономика дамуының жаһандық тренді жөнінде диалогы» атты пленарлық сессиясы өтеді. Сонымен біге цифрландыру саласындағы ең алғашқы Digital Bridge Awards жүлдесі табысталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер