BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Шығыс Қазақстанда туристерге арналған мобильдік қосымша іске қосылды

Фото: sputniknews-uz.com

Облыс әкімдігінің қолдауымен туристер үшін бес тілде «сөйлейтін» қосымша әзірленді. Бұл «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тарихи жол» деп аталатын қосымшадан еліміздегі киелі орындар туралы ақпараттарды алуға болады. Тіпті онда тарихи кейіпкерлердің шынайы бет-әлпеті бейнеленген материалдарда да орналастырылған. Бұдан бөлек бұл бағдарламаның қолданушыларына 360 градустық бейнероликтер ұсынылған. Осы орайда мұндай форматта түсірілген бейнероликті тамашалаған көрермендер өздерін еліміздегі көрікті орындарында жүргендей сезінетінін айта кеткен орынды.

«Бұл жоба әрбір өңірдің ішкі және сыртқы туризм салаларын дамытуға септігін тигізіп, еліміздегі қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етпек», – дейді аталмыш қосымшаны әзірлеген компанияның өкілі Айбек Әлмұхаметов.

«Тарихи жол» қосымшасын туристік гид ретінде де қолдануға болады, себебі бұл қосымша еліміздегі барлық нысанның қай аумақта орналасқанын өте жақсы біледі. Онда қажетті ақпараттар қазақ, орыс, ағылшын,түрік, қытай тілдерінде берілген. Айбек Әлмұхамбетовтің айтуынша, туристер қосымшаны интернеті жоқ елді мекендерде де офлайн режимде пайдалана алады.

Айта кетейік, аталмыш жүйеде бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда орналасқан қырықтан астам нысан цифрландырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер