BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

«Сергек» камераларының арқасында көлік жүргізу құқығынан айрылған 30 жүргізуші анықталды

Фото: pravila.kz

Инспекторлар жыл басынан бері бейнебақылау камералары арқылы бұрын көлік жүргізу құқығынан айрылған 30 жүргізушіні анықтаған,деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ, алкогольдік, есірткі немесе масаң күйдегі азаматтарға сеніп беру жағдайы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

«Астана қаласы ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің инспекторлары осы жылдың басынан бастап ҚР ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне 30 қылмыстық іс тіркелген.Полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылықтарды көп жағдайда бейнебақылау камера жүйесінің көмегімен анықтаған», - делінген таратылған хабарламада.

Астана қаласы ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді. Жол ережесін сақтау өзіңіздің және жаяу жүргіншінің, жол қозғалысындағы басқа да көлік иелерінің амандығының кепілі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер