BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Сағынтаев роботтарды 1-сыныптан бастап оқыту туралы айтты

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында мектеп бағдарламасына 1-сыныптан бастап информатика пәнін енгізуді қарастырып жатқанын айтты.

Форум қонағы Эстония премьер-министрі Юри Ратас елінде «роботты техника» 1-сынып бағдарламасында бар екенін айтты.

«Білім беру де инновация үшін маңызды элементтердің бірі. Эстонияда біз қазір 1-сыныптан бастап балаларға роботты техниканы үйретіп жатырмыз. Бұл өте танымал пән болып отыр. Өйткені біз осылай алғышарттармен жұмыс істесек еліміздің экономикалық, цифрлық мәртебесі үшін оң нәтижеге қол жеткіземіз», - деді Юри Ратас.

Бақытжан Сағынтаев әріптесінің «роботты техниканы1-сыныптан бастап оқытамыз» деген сөзіне жақсы бағалап, Қазақстанда да осындай бастаманы жүзеге асыру қажеттілігі туралы айтты.

«Эстонияда 1-сыныптан бастап роботты техниканы үйретуі керемет бастама. Біз мектепте информатиканы 7-сыныптан бастап оқыдық. Мысалы, бүгінде 7-сынып оқушысы мұғалімнен де көп нәрсе біледі. Мектеп бағдарламасын өзгертіп, 3-сыныптан бастап информатиканы енгіздік. Эстония премьер-министрінің 1-сыныпта роботты техниканы енгіздік деген сөзінен кейін біз бұл мәселені қарастыратын боламыз. 3-сыныптың өзі кеш», - деді Сағынтаев «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында.

Айта кестек, бүгін Астанада «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы өтіп жатыр. Бұл ауқымды шараға халықаралық ІТ-қоғамдастық өкілдері, технология саласындағы белгілі сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер мен өзге де елдердің мемлекеттік секторлары өкілдері, ғалымдар, кәсіпқой цифрлық әзірлеушілер, сонымен бірге венчурлық капиталистер мен инвесторлар қатысып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер