BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Сағынтаев кеңжолақты интернет қандай ауылдарға жеткізілетінін айтты

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында елдімекендерге кеңжолақты интернетті жеткізу мәселесін көтерді.

«Қазақстан аумағы бойынша 9-орында тұр. Бірақ халқымыз аз, еліміздің әр жерде орналасқан. Қазақстанда 7 мың елдімекен бар. Әр адамға кеңжолақты интернет жеткізуге біздің қаржымыз жетпейді. Ең соңғы ауылға интернет жеткізгенге дейін технология өзгеріп кетпей ме деп ойлаймын. Мұның қажеттілігі болмайтын да шығар. Сондықтан да біз басқа нұсқаны таңдадық. Негізгі ауылдарды дамытатын боламыз. Бізде олардың саны мыңнан асып жығылады. Ең бірінші кезекте кеңжолақты интернет жеткізілетін болады. Біз бұл жұмысты бастап кеттік. 2021 жылға қарай аяқтаймыз деген ойдамын. Осылайша алдымызға тезірек шешілуі тиіс үлкен міндет қойып отырмыз», - деді Үкімет басшысы «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында.

Айта кетсек, алдағы үш жылда 1200-ден астам ауыл кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етілетін болады. Бұл 3,5 мыңнан астам мектептер, ауруханалар, әкімдіктер мен басқа да мекемелерге жоғары жылдамдықтағы Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер