BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Павлодарда тұрғын үйлерге 1400 бейнебақылау камерасы орнатылды

Фото: Atpress

Павлодар қаласында көп қабатты тұрғын үйлерге 1400 бейнебақылау камерасы орнатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын үй инспекциясымен негізгі мердігер ретінде «Қазақтелеком» АҚ көрсетілген. Бұл ашық бизнес көзі екенін атап өткен жөн. Бұрын жеке меншік компаниялар өздерінің серверлерінде ғана ақпаратты орналастыратын. Яғни, бейнебақылаудың қызметі жабық болатын. Қазіргі таңда облыстық ІІД-мен жасалған келісімшарт негізінде ақпаратты учаскелік полиция пункттеріне тапсырамыз. Осылайша орталық жедел басқару орталықтарына ақпарат түсіп отырады», - дейді қала әкімі Нұржан Әшімбетов.

Бұдан басқа, Ленин кентінің негізгі көшелеріне бейнебақылау орнату үшін бюджеттен 20 млн теңге бөлінген.

«10 мың адам тұратын кентте бірнеше учаскелік инспектор ғана бар, сондықтан бұл шешім жұмысты жеңілдете түсер», - дейді қала әкімі.

Еске сала кетейік, подъезге кіреберісте және бірінші қабатта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыс орталығында 2000-нан астам бейнебақылау камерасын орнату үшін ПИК, «Қазақтелеком», тұрғын үй инспекциясы және жергілікті полиция арасында «бұлтты бейнебақылау» жобасын жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер