BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Павлодар облысында барлық емхана цифрландырылды

Фото: Автор

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде «Цифрлық Қазақстан» жобасын жүзеге асыру мақсатында Жол картасы әзірленген.

Қазіргі уақытта барлық медициналық мекемелерде бірнеше заманауи ақпараттық жүйелер енгізілген.

Облыстық дансаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ержановтың айтуынша, цифрлық жүйеге көшудің арқасында өңірдегі емханалар 300 млн теңге үнемдеген.

«Медицина мекемелерін компьютерлік техникамен қамту жұмысы қарқын алды. Бүгінде 4269 ақ желеңдінің жұмыс орны техникамен жабдықталды. Яғни, ұжымдардың 99%-ы қамтылды. Қалалық және аудандық орталықтандырылған ауруханалардың барлығы интернетке қосылды. Аудандық деңгейден төмен мекемелердің 90,3%-ы ғаламтор жүйесіне қосылған», - дейді Ерлан Ержанов.

Үстіміздегі жылдың сәуірінен бастап, медициналық есептілік жұмысы қағазсыз форматқа көшірілуде. Осы жылдың соңына дейін көрсеткіш 100%-ға жетеді. Салада пациенттердің электронды денсаулық төлқұжаттарын жасау үрдісі дамуда.

«Бүгінгі таңда 756 мыңнан астам электронды денсаулық төлқұжаттары тіркелді. Бұл - облыс халқының 97,5%-ы деген сөз. Бұл жүйенің көмегімен сырқаттар созылмалы аурулары, қолданған препараттары туралы ақпаратқа қол жеткізе алады. Медициналық жүйелерде жеке кабинет ашқандардың да қарасы қалың. Бүгінде 103 мыңнан астам азамат жеке кабинеттерінің игілігін көруде», - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Ағымдық сараптама нәтижесінде тұрғындардың дәрігерге онлайн режимде жазылғандардың саны артып келетіні белгілі болды. Бүгінгі күні медициналық ақпараттық жүйелер арқылы 2 миллионнан астам павлодарлық дәрігер қабылдауына жазылған.

Бұл пациенттердің жеке уақыттарын 17 мың сағатқа үнемдеуге мүмкіндік берді. Ал кезекте тұру уақыты 30 минуттан 15 минутқа қысқарды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер