BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Павлодар облысында 74 цифрландыру жобасы жүзеге асырылуда

Фото: Автор

Павлодар облысында әлеуметтік салада «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 74 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Baq.kz аймақтық тілшісі.

Цифрландыру жұмыстары білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік бағдарламалар бағыттарында іске асырылуда. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың Жол картасы негізіндегі алты жобаны орталық мемлекеттік органдар ұсынды, ал 68 жобаға жергілікті атқарушы органдар мұрындық болған.

«Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалуда. Бүгінде бұл жүйеге облыстағы 371 мектептің 362-сі қосылды. Алдағы уақытта тағы 9 мектеп қосылады. Цифрлық білім беру ресурсы – BilimLand жүйесі 370 мектепке қолжетімді болды. Олардың ішінде онлайн режимінде – 312, офлайн режимінде – 58. Соңғы үш айда онлайн режимді қаралған интерактивті сабақтар саны 700 мыңға жетті», - дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев.

Облыстық білім беру басқармасы мамандарының ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда саланы цифрландыру бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. «Жалпы, бас-аяғы 10 жоба іске асырылады.

«Басқарма көрсететін алты мемлекеттік қызмет сандық жүйеге келтіріледі. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға бағыттау үшін кезекке тұрғызу» және «Балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау және құжат қабылдау» қызметтері толық автоматтандырылады. Сонымен қатар, облыс мектептерінде баланың бет-әлпетін анықтау жүйелері енгізілуде. Инновациялық жоба карточкалық жүйеден бас тартып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді», - дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

Айта кетейік, цифрландыру аясында өңірде балалар техикалық парктерінің желісі құрылады. Соның арқасында оқушылардың ғылыми идеялары қағаз күйінде қалмай, болашақта кәсіпкерлік деңгейге көтерілмек.

Цифрландыру мәдениет және құжаттама саласын да айналып өтпеді. Облыстық мемлекеттік мұрағаттың директоры Манат Келдібековтың айтуынша, мұрағат қорын цифрлау бойынша «Павлодар облыстық цифравизация орталығы» қоғамдық ұйымымен техникалық спецификация және тұжырымдама жасалуда.

«Біз электронды мәліметтер базасының көмегімен қызмет көрсетуді оңтайландырып, Ұлттық мұрағаттық қорды сақтау керекпіз. Бұл тұрғыда құжаттардың түпнұсқасымен жұмыс қажеттілігі туындамайды және құжаттарға адамдардың әрекеттері не болсмаса өзге факторлар әсер етпейді», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер