BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Назарбаев Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркін іске қосты

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Бұл шара жүзеге асырылып жатқан бағдарлама 4-ші өнеркәсіп революциясы жағдайында Қазақстан үшін маңызды әрі өзекті болып отыр. Әлемнің қалай жылдам өзгеріп жатқанын бәріміз білеміз. Интернет заттары, жасанды интелллект, 3D технология, блокчейн адам өмірінің барлық саласында белсенді ілгерілеп жатыр. Бәсекеге қабілетті елдердің дамуы үшін цифрландыру негізгі факторға айналды. Әлемнің жетекші мемлекеттері бар G 20, Еуропа Одағы секілді ұйымдар цифрландыру туралы стратегялық құжаттарын қабылдап үлгерді. Цифрландыру өзінің нәтижелерін беріп жатыр. Біздің Қазақастанда да осы бағытта кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. ТМД да алғашқылардың бірі болып электронды мемлекеттік қызметттерді енгіздік. Былтыр біз «Қазақстанның үшінші жаңғыруын» іске қостық. «Үшінші жаңғыруда» қазір жаңа технологиялар, цифрландыру енгізіліп отыр. Қазірдің өзінде нәтижесін көрсетіп отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Astana Hub ашылуында.

Президент цифрландыру бағдаралмасы аясында іске асқан шараларды атап өтті.

«Азаматтардың 70 процентінде электронды денсаулық паспорты бар. Мектептердің 90% астамы цифрлық білім беру ресусртарымен қамтамасыз етілген. Қаржы саласында кедендік декларация 100% электронды форматта толтырылады. Экономика саласында цифрлық технологияларды енгізу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында үлкен қалаларда «смарт сити» компоненті жүзеге асырылуда. Еліміздің әрбір ауылына кеңжолақты интернет жеткізу жұмыстары іске асырылып, 2021 жылдың соңына қарай кеңжолақты инетрентпен қамту 82% құрайды деп отырмыз», - деді ҚР Президенті.

Еске сала кетсек, 5 қараша күні Астанада халықаралық Digital Bridge инновациялық форумы өткен болатын. Форум барысында Astana Hub-тың осы жылы жеткен жетістіктері таныстырылып, алға қойған мақсаттары мен міндеттері сөз болды. Сонымен қатар, шетелдік сарапшылар әлемдегі IT жаңалықтармен бөлісіп, үдерістерді талқылап, «Astana Hub»-тың маңызы туралы әңгіме қозғады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер