BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

ҚР Энергетика министрлігі цифрландыру шеңберінде 8 жобаны іске асырады

ҚР Энергетика министрлігінде ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың төрағалығымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президент жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру жөніндегі алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алқа отырысына Президент Әкімшілігінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және ведомствалық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты. Ведомство басшысы 2018 жылғы Жолдаудағы басты міндеттерге, сондай-ақ мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып өтті.

Биылғы жолдау елімізде жүргізіліп жатқан жаңғырту процестерінің логикалық жалғасы және «Қазақстан-2050» даму стратегиясымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласымен байланысты болып табылады.

«Цифрландырылған Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР Энергетика министрлігімен цифрландыру шеңберінде 8 жобаны іске асыру жоспарланған:

  • мұнай-газ саласындағы пилоттық жобаларда «Интеллектуалды кен орын» жобасы;
  • уран саласында «Цифрландырылған рудник» жобасы;
  • «АМӨЗ» ЖШС, «ПКОП» ЖШС техникалық қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесін енгізу;
  • бірыңғай энергетикалық жүйенің тәртібін автоматтандырылған түрде басқару;
  • мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі;
  • кен орындардың онлайн-аукционы;
  • сұйытылған мұнай газы балансының болжамы;
  • қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2018 жылы АМӨЗ және ПКОП-та ТОРО, сондай-ақ «Эмбамұнайгаз» кен орнында «Интеллектуалды кен орын» пилоттық жобаларының жүйелері аяқталады.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР Энергетика министрлігі ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен, сондай-ақ «Зерде» АҚ бірлескен түрде «Цифрландырылған Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына жаңа жобаларды енгізу мәселесі бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер