BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

«Қазпошта» АҚ бөлімшелері 80% автоматтандырылған 

Фото: 24.kz

«Қазпошта» АҚ үш жарым мыңға жуық бөлімшелерінің 80% автоматтандырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазпошта» АҚ жұмысының нәтижелеріне және 2018 жылғы жоспарларына арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Пошта филиалдарының 70% ауылдық жерлерде орналасқан. Олар 100% ауылды елді-мекендерді қамтиды. Компанияда тасымалдауға арналған автокөліктерден басқа, 37 пошталық вагон бар. Оған қоса, шалғайдағы ауылдарға поштаны 2 кг-ға дейін көтеретін дрондармен жеткізуді қолға алдық. Былтырдан бері 1,5 тонна хат-хабарларды дрон арқылы жеткіздік. Қазір біз 4 кг көтеретін дрондарды сынақтан өткізіп жатырмыз» - деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қызмет көрсетудің барлық стандарттарына сай пошта бөлімшелері ашылған.

«Астана және Алматы қалаларындағы цифрлық кеңселерде клиенттерге роботтар мен машиналар қызмет көрсетеді, ал шалғайдағы ауылдарға газеттер мен журналдарды дрондар жеткізуде. Өзіміздің процессинг орталығымыз іске қосылды, агенттік және қаржылық қызметтердің барлығын көрсету үшін азаматтарды тексеру жүйесі енгізілді. Еліміздің ірі банктерімен жұмыс істеп, Alibaba Group сауда платформасымен бірлескен жобаларды іске асырудамыз, Шығыс пен Батыс арасындағы ірі логистикалық хабқа айналмақпыз. Бұл біздің ұжымның өткен жылы жасаған жобаларының аз ғана бөлігі. Биылғы жылды біз «Сапа жылы» деп жарияладық. Басты мақсатымыз - клиенттерімізге жоғары сапалы қызмет көрсету», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер